Жаңалықтар

«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жылжымалы кітап көрмесі өтті

Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен 7 ақпан күні «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жылжымалы кітап көрмесі «Халық Банк» мекемесінде өтті. Қазақстанда «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы 2007 жылдан бастап, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы мен Қазақстан Республикасының кітапханалық қауымдастығының ұйымдастыруымен жылма-жыл өткізіліп келе жатқан танымалдыққа ие жоба. Республикалық акцияның мақсаты – қазақ әдебиетін насихаттау, қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге мүмкіндік туғызу, өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуы мен ана тіліне деген құрметін көтеру. 2025 жылы ел болып оқитын кітап ретінде проза жанрындағы ұлтымыздың көрнекті жазушысы, ақын, сыншы, аудармашы, суреткер Тәкен Әлімқұловтың шығармалары мен поэзия жанры бойынша мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнект...
Толығырақ... Оқылды: 17 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 07.02.2025

Ілияс Есенберлиннің 110 жылдық мерейтойына орай «Халық қаһарманы – халық жазушысы» атты кітап көрмесі

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, әйгілі жазушы Ілияс Есенберлиннің 110 жылдық мерейтойына орай «Халық қаһарманы – халық жазушысы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге жазушының шығармалары, оның өмірі мен шығармашылығына арналған материалдар қойылып, оқырмандарға кеңінен таныстырылды. Шара барысында кітапханашы Нұрланов Рауан қатысушыларға Ілияс Есенберлиннің қазақ әдебиетіне қосқан үлесі мен оның тарихи романдарының мән-маңызы туралы айтып өтті. Сонымен қатар, ол зағип және нашар көретін оқырмандар үшін арнайы Sara-se сканерлеп және дауыстап оқитын машинкасының көмегімен жазушының шығармаларын тыңдау мүмкіндігі бар екенін түсіндірді. Оқырмандарға бұл құрылғыны қолдану тәртібі көрсетіліп, әдеби мұраны қолжетімді форматта игерудің маңыздылығы атап өтілді.
Толығырақ... Оқылды: 26 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 04.02.2025

Жастарға қызмет көрсету орталығында инклюзивтік тренинг өтті

Талдықорған Жастары орталығы мен «It Service Education» Қоғамдық Бірлестігінің ұйымдастыруымен Қанабек Байсейітов атындағы саз колледжінің студенттері арасында инклюзивтік тренинг өткізілді. Бұл шара мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамға бейімделуі мен инклюзивті білім алуға деген көзқарасты жақсартуға бағытталды. Тренинг барысында қатысушылар ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың өмір сүру жағдайлары мен олардың күнделікті кездесетін қиындықтары туралы тың ақпараттар алды. Сонымен қатар, шараға зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлім кітапханасы да қатысып, «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденовтің шығармаларын таныстырды. Кітапханашы Нұрланов Рауан зағип және нашар көретін жандарға арналған арнайы құрылғыларды да таныстырып, олардың мүмкіндіктерін көрсетті. Қатысушылар дауыстап оқитын Clear Reader құрылғысымен, Victor Reader тифлофлешплеерімен және басқа да көмек...
Толығырақ... Оқылды: 18 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 31.01.2025

«Кітаппен DOSBOLIKE» интеллектуалды ойыны өтті

30 қаңтар күні Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «Кешкі кітапхана» жобасы аясында «Кітаппен DOSBOLIKE» атты интеллектуалды ойыны өтті. Шараға топтық жарыста өздерінің білім деңгейін көрсету, тез ойлау қабілеті мен логикасын шыңдау мақсатында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған Абай атындағы №1 ОМ 9 сынып оқушыларынан төрт команда жасақталды. Олар: «Жас қыран», «Жалын», «Дарын», «Самға» топтары. «Кітаппен DOSBOLIKE» интеллектуалды ойыны 4 кезең бойынша: «Бәйге», «Полиглот», «4 сурет, 1 сөз», «Ойлан, тап!» өтті. Ойында қатысушылар зеректілігін арттыра отырып, сайысып, жүзден жүйрік атанған «Самға» тобы оза шауып жеңіске жетті. Кітапхана директоры атынан диплом табыс етілді.
Толығырақ... Оқылды: 15 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 30.01.2025

«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы жалғасуда

«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы жалғасуда Тарихшы, өлкетанушы Құлтай Нұрқалбайұлы кітапханамыздың қорына «Жалайыр тарихынан» 4-кітап Жалайыр тарихының деректемелері, «Жалайыр тарихынан» 8-кітап Жалайыр Ескелді би (зерттеу), «Жалайыр тарихынан» 10-кітап Жалайыр Сыпатай баба (Ғылыми-этнографиялық зерттеу), «Жалайыр тарихынан» 11-кітап Қадырғали би Жалайыр анықтамалық, «Сиыршы абыз шежірешілері», «Қазақтын тұңғыш тарихшысы Қадырғали би Жалайырдың туғанына - 485 жыл толуына арналған ғылыми конференцияның құжаттары», «Қадырғали би Жалайыр қазақ тарихының Геродоты» (Библиографиялық көрсеткіш), «Қадырғали би Жалайыр» (1530-1605 жж) барлығы 8 дана кітап сыйға тарту етті. Құрметті оқырмандар, кітапханамыздың акциясына үлес қосуға шақырамыз!
Толығырақ... Оқылды: 16 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 30.01.2025
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика